Контенттен гөрі
көбірек нәрсе жасаймыз

Адамға ақыл көптік етпейді, сондықтан
біз көбірек нәрсе жасай аламыз деп шештік.
Стереоконтент жасаймыз: әр түрлі
арналарда коммуникация құрамыз

letter heart rocket note microphone duck star movie crown like

Міне, сіздер үшін осындай
керемет дүниелер жасаймыз

like

Кешенді SMM

like

SMM–жарнама

like

SMM-контент

like

Бейнежазбалар мен подкастар

like

YouTube жобалары

like

Live-трансляциялар

like

Блогерлермен бірлескен жобалар

like

Telegram жобалары

like

Бизнеске арналған контент

like

Email таратылымдарына арналған контент

Кешенді SMM

Өз орамыңызда шырын ішіп демала отырып, KPI көрсеткіштеріңіздің өсіп жатқанын көргіңіз келе ме? Әлеуметтік желілеріңізді бізге тапсырыңыз!

Біз өміріміздің ең жақсы жылдарын осыған арнадық.

  • Қарым-қатынас стратегиялары

    Тұтынушыға жақын және түсінікті қарым-қатынас идеясын қалыптастырамыз.

  • Креативті стратегиялар

    Біз сізді есімізде сақтадық. Енді қалғандары да сізді естерінде сақтайды.

  • Бренд-журналистика

    Компанияңыздың өмірін қызықты реалити-шоуға айналдырамыз.

  • Әлеуметтік желілерді жүргізу

    Контент дайындап, кесте бойынша жариялаймыз, жазылушылармен сөйлесеміз және өзгерістерді бақылаймыз.

  • Әлеуметтік желілерге арналған контент

    Тек ең күшті мәтіндер, визуалдар мен бейнежазбалар.

Frame-111-1

SMM–жарнама

Не жазылғаны емес, не оқылғаны маңызды. Сондай-ақ ненің қаралғаны және неге лүпіл басылғаны маңызды. Сіздің контентіңізді барлығы көреді!

Контентіңізді алып, оны танымал етеміз. Бәрі оңай!

  • Ілгерілету стратегиясы

    Мәселелеріңізді шешу үшін ең жақсы арналар мен креативтерді таңдаймыз.

  • Таргеттелген жарнама

    Тест жүргізіп, толықтай іске қосамыз! KPI көрсеткіштеріне таргетологтар кепілдік береді.

  • Медиалық жарнама

    Клиенттің сізді бір сәтке де ұмытуына жол бермейміз.

Frame-118

SMM-контент

Қоғамдастығыңыз болғанымен, онда ештеңе болмай жатса, біз көмектесеміз! Даму векторын жазып, бір-екі қызық жазба жариялаймыз және конкурс өткіземіз.

Жастар мұны өз арасында «алып кететін» контент деп атайды. Сіз тапсырыс жасайсыз, біз дайындап, қораптарға салып береміз. Әрі қарай бәрі өз қолыңызда!

  • Әлеуметтік желілерге арналған жарияланымдар

    Мағынаны сөздермен, визуалдармен және бейнежазбалармен әдемілеп орап береміз.

  • Дизайн, анимация, маскалар

    Ықшам макеттер, гипноздық моушн, графика немесе зеңбірек маскалары — біз осылардың бәрін жасай аламыз!

  • Контент-жоспарлар

    «Не туралы жазуға болады?» деген сұрақ енді ешқашан сіздің алдыңызда тұрмайды.

  • Іс-шаралар мен конкурстар

    Жазылушыларды жаңа айфонға уәде бермей-ақ қозғалтамыз. Немесе уәде беріп!

  • Бейнероликтер

    Үздік тиктокшылардан да керемет бейнероликтер түсіреміз және монтаждаймыз.

  • Әлеуметтік желілердегі егіс

    Контентті ковидтен де мықты есте қалатындай етіп вирустандырамыз.

Screenshot-2020-06-04-at-22.02-1

Бейнежазбалар мен подкастар

Сапалы бейнежазба түсіру үшін ұсақ-түйекке дейін бәрін ойластыру керек. Бұл «бәрі» дегеннің не екенін біз білеміз! Сценарий, кастинг, жарық, реквизит... Тексереміз, баптаймыз, ештеңені ұмытпаймыз!

Түсірілімнен нені күтуге болатынын білеміз және алдын алып жұмыс істейміз!

  • Бейнесұхбат, репортаж

    Тимур Балымбетовтікінен де керемет болады.

  • Аудиоподкастар

    Бұл ютуб көрген сияқты, бірақ тыңдау.

  • Бейне шолулар

    Сізден тауар — бізден краш-тест! Немесе жай ғана тест-драйв.

  • Бейне челлендждер

    Иә-иә, бұл сіздің ұлыңыздың TikTok-та көретіні.

  • Постпродакшн, монтаждау

    Дыбыстық әсерлер мен ауысуларды үнді киносындағыдан кем жасамаймыз.

Frame-111-1-1

YouTube жобалары

Блогер болғыңыз келеді, бірақ қалай екенін білмейсіз бе? Ал біз мұны білеміз, бірақ өзіміз аса қаламаймыз. Есесіне сізге көмектесеміз!

Арнаңызды нөлден бастап жасаймыз немесе жұмыс істеп тұрған арнаңызды дамытамыз.

  • Арна идеясын әзірлеу

    Бірегей тақырып пен естен кетпес ерекшеліктерді таңдауға көмектесеміз.

  • Роликтердің сценарийлері

    Жаңа шығарылымдарыңызға анаңыздан басқалар да жазылатындай қызықты бейнероликтер ойлап табамыз.

  • Роликтерді түсіру, постпродакшн, монтаждау

    Әдемі түсіреміз, қажет емесін кесіп алып тастаймыз. Әрі плашкалар қосамыз.

  • Дизайн, анимация

    Біздің дизайншымыз қазірдің өзінде сіз үшін керемет әсерлерді таңдап жатыр.

  • Ілгерілету

    Сіздің контентіңізді барлығы көреді! Әрине, бюджет шеңберінде!

youtube

Live-трансляциялар

Тек Instagram үшін ғана емес! Сізді қатарынан бірнеше әлеуметтік желіде эфирге шығарамыз және экран бағдарын шатастырмаймыз.

Әр түрлі аккаунттарға стрим жасау үшін бес Айфоны бар селфи таяқшасын да қолданбаймыз.

  • Іс-шараларда түсірілген репортаждар

    Instagram-дағы бейнежазбаларыңыз енді балабақшадағы ертеңгілікте түсірілгенге ұқсамайтын болады!

  • Өнімдердің таныстырылымдары

    Инновациялық күректеріңізді ең жақсы қырларынан көрсетеміз.

  • Конкурстар

    Ұлттық лотереяның ұтыс ойындарынан да қызықты болады!

  • Сұхбат

    Өзіңізді Балымбетовте қонақта отырғандай сезініңіз.

  • Бэкстейдждер

    Кейде олардың жақсы болатыны соншалық, ерекше назар аударуға лайық болады. Әсіресе бізді Іле Алатауында түсірілім жасауға шақырсаңыз.

  • Вебинарлар

    Айтыңыз, көрсетіңіз, ал біздің жігіттер мен қыздар оны эфирге шығарады.

Group-179

Блогерлермен бірлескен жобалар

Өніміңізді атақты жұлдызбен бірлесіп жасаудан оңай ештеңе жоқ! Сіз сұраным рәсімдейсіз, біздің командамыз ұйымдастырумен айналысады.

Сіздің өніміңіз жаңа суреттер легінде мысықтар мен тырнақтардан гөрі жиірек жарқырап көрінетін болады.

  • Интеграциялар

    Жарнамаңызда атақты адамдардың бой көрсеткенін немесе өніміңізді блогердің жарнамалағанын қалайсыз ба? Қайсысын болса да ұйымдастырамыз.

  • Арналарды таңдау

    Орналастыру үшін тақырыбы сай келетін, сапалы аудиториясы бар алаңдарды таңдаймыз.

  • Келіссөздер

    Нұрлан Сабуровпен жалықтыратын әңгімені өзімізге аламыз.

  • Бақылау және есептілік

    Ынтымақтастықтың қаншалықты тиімді болғанын сіз нақты білетін боласыз.

Frame-114

Telegram жобалары

Керемет контент жасауға және өз жазылушыларыңызды табуға көмектесеміз.

Арналар мен блогтардың кез келген форматтарымен жұмыс істейміз.

  • Стратегия әзірлеу

    Шарықтап көтерілу үшін сапалы жоспар керек. Бұл жерде, әрине, іс-әрекеттер жоспары туралы айтылып отыр.

  • Идеялар қалыптастыру

    Сапалы контенттің көмегімен ерекшеленуіңізге көмектесеміз. Бәлкім, аздап мысықтарды да қосатын болармыз.

  • Мәтіндер жазу

    Арнаңыз мұрағатқа жіберілмейді, ал хабарламаларыңызды бірінші кезекте оқитын болады.

  • Безендіру және дизайн

    Суреттер қорынан жүктеп алмай, өз дизайнымызды жасаймыз!

Frame-112

Бизнеске арналған контент

Біз өзі үшін жазудың қаншалықты оңай емес екенін білеміз және көмектесуге дайынбыз. Сізге не керек екенін айтыңыз, белгіленген мерзімде нәтиже аласыз!

Біздің контентіміз бизнесіңіздің қуат көздерін тазартады және сату воронкаларын нығайтады.

  • Сайттарға арналған мәтіндер

    Даналап және шағын топтамада жазамыз. Сіздің ісіңіздің барлық егжей-тегжейлері мен нюанстарын анықтап түсініп алып, мақсатты аудиторияға тәптіштеп түсіндіреміз.

  • Тауарлар мен қызметтердің сипаттамалары

    Бақшаға арналған күректеріңіз туралы жазғанда, қаладан шықпайтындардың өзі сіздің тауарыңызды сынап көру үшін саяжай сатып алады!

  • Таныстырылымдар

    PowerPoint лицензиясына ақша жұмсауды тоқтатыңыз! Біз стильді дизайн жасап, мәнін ерекшелеп көрсетеміз және оны макетке топтастырып жинаймыз.

  • Брошюралар мен буклеттер

    Суреттер мен әріптерге толы, кез келген форматта және мазмұнда.

  • Tilda-да жасалатын сайттар

    Әдемі, ыңғайлы және функционалды болады. Басты бетке суретіңізді де орналастыра аламыз.

Frame-113

Email таратылымдарына арналған контент

Клиент поштасының адресін қолыңызға түсірудің сәті түссе, оны қолданбау – күнә! Біз оны қалай қолдану керектігін де білеміз.

  • Идея әзірлеу

    Сіздің таратылымыңызды тіркелусіз және SMS-сіз бизнеске пайдалы және алушы үшін қызықты етеміз.

  • Қарым-қатынас стратегиясы

    Сіз үшін әлеуетті клиенттерді қолға түсіру және тұтқындарды сатып алушылар санатына ауыстыру жоспарын жасаймыз.

  • TOV әзірлеу

    Фирмалық стиль — бұл тек визуалды тұжырымдама мен логотип қана емес, сонымен қатар, аудиториямен қандай көңіл-күйде қарым-қатынас жасайтыныңыз.

  • Хаттардың мәтіндерін құрастыру

    Назар аударатын тақырыптар мен мегаконверсиялық мәтіндер — біздің қолымыздан келетін шаруа.

  • Хаттардың дизайны

    Айфонда және ноутбук экранында бірдей тамаша көрінеді. Қалай болғанда да, біздің арт-директорымыз дәл осылай уәде береді.

Frame-111-2-1

Бәрін нөлден бастап жасаймыз немесе жоқ нәрсені қосамыз

Бастаймыз ба?

Спасибо! Ваша заявка принята.

Мы свяжемся с вами в течение рабочего дня. Или приезжайте к нам, попьём кофейку.

Жобаңызды қалай жүзеге асыру керектігін білгіңіз келе ме?

Оны жай ғана сипаттап беріңіз, біз сізге 30-60 минут ішінде хабарласамыз.

Қызмет

Бюджет

Жоба туралы айтып беріңіз

Жүктеп салу файлының өлшемі: 5 Мб аспайды

Сізге қалай хабарласуға болады

Түймені басу арқылы сіз дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз және құпиялылық саясатымен келісесіз. .