Tau Development брендін танымал етіп,
аудитория құндылықтарымен үндестірдік
2020 жылғы шілде — 2021 жылғы мамыр
TAU Development — жобаларын Алматыда жүзеге асыратын қазақстандық құрылыс салушы. Оның құндылықтары — қалалық ортаны қалыптастыруға және көркейтуге инновациялық тұрғыдан келу, ұлттық дәстүрлерді сақтай және құрметтей отырып, тұрғын үйге заманауи көзқарасты дамыту.
Бренд-журналистиканың көмегімен девелопердің бірегейлігін ашып көрсетіп, әлеуметтік желілердегі жолданымдар ағынын 160 есеге арттырдық. Сонымен қатар, қазақстандық аудиториямен жұмыс істеудің барлық қыр-сырларын меңгердік!
Аудиторияны талдадық, әлеуетті тұрғындардың портретін жасап, олардың құндылықтарын зерттедік. Осының негізінде Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар арқылы таратылатын «Біздің кім екенімізді тұратын жеріміз айқындайды» коммуникациясының басты идеясын анықтадық.
Бренд-журналистиканың және егжей-тегжейлерге көңіл бөлудің арқасында TAU Development жобаларындағы артықшылықтардың жалпы көрінісін жасап шығардық. Өйткені адамның тұратын үйі мен пәтері оның дүниетанымын, ауқаттылығын және өмір салтын көрсетеді.
Біз қасбеттің қапталуы немесе тротуардың жабыны болсын — жобаның әрбір деталі кездейсоқ таңдалмағанын жеткізуге тырыстық. Бұл жай ғана жаңа ғимараттар емес — бұл лайықты адамдарға арналған лайықты үйлер.
Қазақстандағы құрылыс салушылардың көпшілігі әлеуметтік желілерге арналған визуалдар ретінде тақырыптары мен плашкалары көп стоктық фотосуреттерді пайдаланған.
Біз «таза» визуал — брендтің көңіл-күйін жеткізе алатын, жобаларды шынайы қалпында көрсететін және пайдаланушыға өзінің TAU Development салған үйде тұрып жатқанын елестетуге көмектесетін нысандардың өз суреттері арқылы бәсекелестерден ерекшеленбек болып шештік.
Графика мен моушндар арқылы жайғасымдардың талдауларын, тексеру парақтарын, әрлеу материалдарының салыстыруларын және көрнекілікті қажет ететін басқа да жарияланымдарды визуалды түрде көрсеттік. Оларды карусель түрінде безендіріп, мұқабасына көңіл-күйді жеткізетін фотосуретті қойдық.
Жайғасымға талдау жасалатын жарияланым үлгісі
Аудиторияның әлеуметтік желілерде брендпен қарым-қатынас жасауына «қозғау салу» үшін ойындарды, іс-шараларды және өз пікірін бөлісуге шақыруды пайдаландық.
Бұл біздің қоғамдастық құруымызға көмектесті: көңіл көтеру жазбасының астында пікір қалдырып, брендтен достық пейілдегі жауап алу арқылы жазылушы кедергіні еңсерді — бұдан кейін оған пікірлерде немесе хабарламада сұрақ қалдыру оңайырақ болды.
Жаңа пайдаланушылардың құрылыс салушының қарым-қатынасқа ашық екенін көруінің арқасында брендке деген сенім қалыптасты.
Жұмыс істеген 11 айдың ішінде біз пайдаланушылардың жолданымдарын 160 есеге арттыра алдық: 21 743 пікір мен хабарлама алынды, оның 1 532-сі транзакциялық болып, Tau Development өнімдеріне тікелей қатысты болды.
Жарнамалық ілгерілетуден бөлек, қамтуды арттыру үшін біз қарапайым тәсілмен өткізілетін конкурстарды қолдандық. Осылайша, біз аккаунтқа 988 пайдаланушыны тарта алдық, бұл — жалпы жазылушылар санының 12%-ы. Конкурстық жазбалардан сайтқа 134 рет өту мен 6 қоңырау алдық.
Конкурстық жарияланым статистикасы
Instagram пайдаланушыларының бір бөлігіне суреттер легіне кірместен, бірінші кезекте Stories қарау тән. Сондықтан біз Stories-тегі өнім жарияланымдары мен іс-шараларға ерекше көңіл бөлдік, сонымен қатар, онда негізгі жазбалардың қысқаша таныстырылымын жасадық.
Өнімдерге арналған Stories үлгісі
Бұдан бөлек, құрылыс салушының бір мезгілде бірнеше жобаны жүзеге асыратынын ескере отырып, аккаунтта Highlights арқылы ыңғайлы навигация жүйесін жасадық.
Stories-тегі имидждік белсенділік үлгісі
Stories-тегі белсенділік үлгісі
Жұмыс уақытының пандемиямен тұспа-тұс келуіне байланысты бейнетүсірілім жасаудан бас тартуымызға тура келді.
Ақпаратты әр түрлі форматтар арқылы жеткізу мүмкіндігін жоғалтпау үшін «Біздің кім екенімізді тұратын жеріміз айқындайды» подкастын іске қостық. Оның шығарылымдарында құрылыс салушының қағидаттары мен жобалардың ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Визуалдық қатары бар подкаст Instagram және Facebook желілерінде IGTV форматында шығарылды. Тыңдаушыларға ыңғайлы болуы үшін біз оны SoundCloud, Apple Podcasts және Яндекс.Музыка классикалық аудио алаңдарында да орналастырдық.
Жарнамалық науқанның негізгі мақсаттары мыналар болды:
Біз негізгі қызығушылықтары «сәнді жылжымайтын мүлік», «шетелге жиі саяхаттау», «баспана сатып алу», «жылжымайтын мүлік», «отбасы және балалар», «ата-ана», «жылжымайтын мүлікке инвестиция», «қымбат автокөліктер» болып табылатын аудиторияны таңдадық. Оларға жайғасымдар берілген хабарландырулар, содан кейін жобалардың артықшылықтары сипатталған жарнамалық жазбалар көрсетілді.
Бұдан соң Look-alike технологиясын қолдана отырып, ең көп қызығушылық тудырған сегмент негізінде кеңейтілген аудитория қалыптастырылды. Сауатты құрылған воронка белсенділіктің жоғары көрсеткіштеріне, сондай-ақ жазылушылардың тұрақты өсуіне қол жеткізуімізге көмектесті.
Мұқият дайындық пен айқын процестердің арқасында коммуникациялық мақсаттарымызға қол жеткіздік, олар: ауқымды жарнамалық науқан арқылы девелопердің танымалдығын арттыру, контент арқылы Tau Development-тің жұмысқа көзқарасы туралы айту, жаңа жазылушыларды алу және пайдаланушылардың қызығушылығын ояту.
Жұмыс істеу кезеңінде біз:
— Бренд алаңдарында пайдаланушылармен қарым-қатынас орнаттық.
— Екі әлеуметтік желіде 4 261 002 пайдаланушыны қамтыдық.
— Жазылушылардың 4 323 жолданымына жауап бердік.
— Instagram желісіндегі ER көрсеткішін 8,3%-ға дейін 7 есеге арттырдық.
— Facebook желісіндегі ER көрсеткішін 1,2%-ға дейін 4 есеге арттырдық.
Жоба ұнады ма? Келіңіз, сізге де керемет нәрсе жасайық!
Жасайық!