ASKONA ҚАЗАҚСТАН

Бөлшек сауда

Үш айда контент арқылы 7 804 000 теңгеге өнім сатылды

instagram.com/askona_official.kz 

facebook.com/askona.kz 

2021 жылғы қараша — 2022 жылғы наурыз

Жоба туралы

Askona Қазақстан — матрастардың, жастықтардың, кереуеттердің және ұйқыға арналған басқа да тауарлардың ресейлік өндірушісінің бөлімшесі. Қазақстан нарығында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Біздің міндеттеріміз:

  1. Брендтің танымалдығын арттыру.
  2. Позитивті позицияны нығайту.
  3. Жаңа аудиторияны тарту және оның өнімдер туралы білімін қалыптастыру.
  4. Коммуникацияда бәсекелестерден ерекшелену.
  5. Алаңдарға аудиторияны тарту және ұстап тұру.
  6. Сатылымдарды ұлғайту.

Басты нәтиже

Askona қоғамдастығын аудитория контентті ықыласпен қадағалап, брендпен қарым-қатынас жасайтын орынға айналдырдық. Сонымен қатар, сатылымдарды ұйымдастырдық!

Біз не жасадық?

Askona контент-стратегиясының негізін «Өмір сүру үшін ұйықтаңыз» бренд философиясы құрады. Бірақ оны басқаша ойластырғымыз келді. Біз ұйқының жай ғана «жату – көзіңді жұму – ояну – әрі қарай жүріп кету» емес екенін көрсеткіміз келді.

Ұйқы кем дегенде маңыздылығы бірдей үш бөлікке бөлінеді: тынығуға дайындалу, ұйқының өзі және ояну. Осы кезеңдердің әрқайсысында Askona өнімдері біздің өмірімізді жақсартады. Осылайша, біз «Жақсы өмір сүру үшін жақсы ұйықтау» тұжырымдамасына келіп, оны үш түрлі контент арқылы ашып көрсеттік:

1. Тынығуға дайындалу

Мұнда ғылыми ақпаратты, дәрігерлердің кеңестерін бөлісіп, матрастарды өндіру технологиясы туралы айттық. Айтпақшы, соңғысын гуглдан іздеген жоқпыз, шынымен де Askona мамандарынан сұрап білдік. Денсаулық деген сондай — бұл жерде ақпаратты мұқият тексермесе болмайды.

Айдардың түсі — көгілдір ақық.

Askona тауарлары көрсетілген денсаулық туралы жарияланым. Біз өнімнің құндылығын тұтынушыға тигізетін пайдасы арқылы жеткіздік

Өнімдерді салыстыру. Қиын қабылданатын ақпаратты қарапайым түрде жеткізуге мүмкіндік береді

Стильді етіп безендірілген өнім топтамалары пайдаланушының тауарды сайтқа өтпей-ақ таңдауына және пікірлерде оның құны мен қолда болуы туралы ақпаратты бірден алуына көмектеседі

2. Ұйқы

Түс көрудің не екенін, оны қалай түсіндіруге болатынын және неліктен адамдардың түнде ұшатынын ғылыми тұрғыда түсіндірдік.

Айдардың түсі — ақшыл күлгін.

Танымдық жарияланымдар. Жазылушыларға бәрінен де қазақтың ұлттық ертегілері мен ұйқы психологиясына арналған эзотерикалық тақырып ұнады

Askona-ға негізінен 45–55 жас аралығындағы әйелдер жазылған, олар осындай жарияланымдарға қызығушылық білдіріп, пікір жазуда белсенділік танытты

Карталары бар визуалдарды ықшам етіп, көп «ауамен» жасадық

Моушн дизайны бұл мистикалық тақырыпты үйлесімді түрде толықтырды.

Кейбір жарияланымдарға музыка қостық және дыбыс толқынының графикалық суреті арқылы визуалды түрде безендірдік. Бұл суреттер легінде жазбаларды ерекшелеп, пайдаланушының назарын аударуға көмектесті.

3. Ояну

8 сағаттық сау ұйқы (сіздің ұйқыңыз осындай болар деп сенеміз!) сергектік сыйлайды. Сондықтан «Ояну» айдарында UGC, акциялар, конкурстар жариялап, адамдар — олардың мақсаттары, армандары мен жоспарлары туралы көп айттық.

Айдардың түсі — сары.

Өмірдің ұйқыдан тыс қуаныштары туралы тақырыптық топтамалар. Жобамен жұмыс істеу кезеңі Жаңа жылды тойлаумен тұспа-тұс келді және біз коммуникацияға ақпараттық себепті қостық

Askona тауарлары туралы сауалнамалардың көмегімен бренд туралы білімді және қызығушылықты арттырдық

Акциялардың анонстары. Контенттің бұл бағытында тиімді ұсыныстар туралы айттық

Мәтіндерде бірсарынды техникалық сипаттамалардан арылып, «“Инновациялық” матрасы. Арт: 85902-5. Бағасы: 145 000 теңге». секілді сипаттамаларды жойдық. Олардың орнына егжей-тегжейлі контент-жоспарын жасап, мына ойларды негізгі арқау етіп өткіздік:

  • Askona-мен ұйқы сау және пайдалы болады
  • Askona — ұйқыға ғылыми көзқарас
  • Askona өмірге қуат береді

Бәсекелестердің біркелкі орналастыруы арасында аккаунтты дизайн арқылы ерекшелеп көрсеттік «1. Матрастың бүйір жағынан қарағандағы көрінісі, 2. Матрастың жоғарғы жақтан қарағандағы көрінісі, 3. Матрастың жалпы көрінісі». Әр визуалға көз тартар ерекшелік (айстоппер): айшықты түс, ерекше бейне, қосымша суреттер, инфографика, коллаждар қостық.

Үш түс деңгейін пайдалана отырып, біз жалпы тұжырымдаманы ұстандық: суреттер легі айшықты, бірақ жұмсақ болып шықты, ал әрбір визуал, тіпті орнынан «жұлып алсаңыз да», танымалдығын жоғалтпайды.

Фактура мен әсер алу үшін жұмыстарды бастаудың алдында Askona филиалына экскурсия ұйымдастырдық.

«Бізге арнайы кеңесші бөлінді, ол салон ішінде экскурсия жүргізіп, матрастардың әр түрлі сериялары туралы әңгімелеп берді, оларда жатқан кезде қандай сезімдерге көңіл аудару керектігін айтты.

Осыдан кейін «жоғарғы жайлылық қабаты», «қаттылығы әр түрлі анатомиялық көбік» дегеннің нені білдіретіні және серіппелер саны әр түрлі матрастардың қалай сезілетіні әлдеқайда түсініктірек болды».

Дарья Анашкова, «Ишь, Миш!» копирайтері»

Сатылымдарды ұлғайттық

Тауарлар мен акцияларды ілгерілету коммуникацияның маңызды бөлігі болды. Сатып алулар санын көбейту үшін, тұрақты контенттен бөлек, таргеттелген жарнаманы қостық.

Дайындық кезеңінде аудитория жинап, оны сегменттерге бөлдік. Сайттағы пиксельдің көмегімен алынған клиент дерекқоры мен аудитория туралы деректерден бастадық. Бұл процесте біз ескі пиксельді өшіріп, келушілерді санаттарға бөлу үшін өз пикселімізді қостық:

Ескі пиксель аудиториясын сайтқа бағыттап, жаңартылған баптаулардың көмегімен бірден сегменттерге бөлдік.

Жиналған аудиторияны сату воронкасы арқылы өткіздік:

Біз «Матрас сатып ал» деген сияқты тікелей жарнама қоспадық. Сатылымдар тек тұрақты контенттің арқасында ұйымдастырылды. Аудитория жазбаларды оқып, жазылды, сұрақтар қойып, нәтижесінде тапсырыс рәсімдеді.

Оның үстіне, соңғы сан нақты пайданы көрсетпейді. Қанша адамның жарияланымдарды «ммм, ойланып көрейін» деген оймен оқығанын, содан кейін Askona офлайн дүкендеріне келіп, сол жерден сатып алғанын санау мүмкін емес.

Нәтижелер

Instagram және Facebook желілерінде жұмыс істеген 3 айда (2021 жылғы қараша — 2022 жылғы наурыз):

  • барлығы 3761 пайдаланушыны тарттық — бұл жазылымнан бас тартуды және боттардан тазартуды есепке алғандағы сан.
  • жазылушының орташа құны 23,2 рубльді құрады.

 

11 664
сайтқа өту
7 804 000
теңге түсім

Жоба ұнады ма? Келіңіз, сізге де керемет нәрсе жасайық!

Жасайық!

Спасибо! Ваша заявка принята.

Мы свяжемся с вами в течение рабочего дня. Или приезжайте к нам, попьём кофейку.

Жобаңызды қалай жүзеге асыру керектігін білгіңіз келе ме?

Оны жай ғана сипаттап беріңіз, біз сізге 30-60 минут ішінде хабарласамыз.

Қызмет

Бюджет

Жоба туралы айтып беріңіз

Жүктеп салу файлының өлшемі: 5 Мб аспайды

Сізге қалай хабарласуға болады

Түймені басу арқылы сіз дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз және құпиялылық саясатымен келісесіз. .