Тұрғын үй кешенінің мысықтармен байланыстырылған қарым-қатынас стилі

Жылжымайтын мүлік

Жайлы қоғамдастық құрып, Tau House кешенінен пәтер сатып алуға 785 өтінім алдық

vk.com/tauhouse 

instagram.com/tauhouse.ru 

t.me/tauhouse_ufa 

2020 жылғы қыркүйек айы — қазіргі уақытқа дейін

 

Жоба туралы

Tau House – Уфадағы «Садовое кольцо» компаниялар тобы салып жатқан тұрғын үй кешені. Біз жұмыс істеп бастағанда құрылыс қазаншұңқыр қазу сатысында болды.

Коммуникацияның міндеттері:

  1. Тұрғын үй кешені және оның артықшылықтары туралы білімді қалыптастыру.
  2. Пайдаланушылардың жобаға бейілділігін қалыптастыру.
  3. Сенім артуға болатын девелопер туралы білімді бекіту.
  4. Пәтер сатып алуға өтінімдерді тарту.

Басты нәтиже

Әр түрлі арналарда бірыңғай коммуникация қалыптастыру арқылы тұрғын үй кешенінің әлеуметтік желілерінде жайлылықты қамтамасыз еттік және сатылымды арттырдық.

Tau House аккаунтындағы орналастыру үлгісі

Tau House аккаунтындағы орналастыру үлгісі

Tau House аккаунтындағы орналастыру үлгісі

Біз не жасадық?

Идеяны арналарға бөліп салдық

Міндеттерді әрқайсысы бір-бірін толықтыратын ВКонтакте, Instagram, Telegram және Дзен арналарына бөліп салып, стереоконтенттің көмегімен бірыңғай коммуникация қалыптастырдық. Осылайша біз әлеуетті сатып алушыға таныс дереккөздері арқылы әдеттегі форматта ала алатын ақпаратты барынша әр түрлі форматта береміз. 

Бірегей қарым-қатынас стилін қалыптастырдық

Брифтегі алғашқы сөздерден-ақ біз жобаның жайлы лебін сезіндік және коммуникацияда осы атмосфераны беруге нық шешім қабылдадық. Біз коммуникацияны жайлылық әлеміне жол бастаушы рөліне тамаша үміткер – жоба маскоты Көк мысықтың атынан жүргізетін болып шештік.

Жобаның мысықтармен байланыстырылған қарым-қатынас стилі тұрғын үй кешенінің басты айрықшалайтын ерекшеліктерінің біріне айналды.

— Біз сүйкімді, жылы лебізбен, сезімге беріліп, сонымен қатар, аздап қулықпен сөйлейміз. Нағыз мысық сияқты. 
— Жазылушыларды қамқорлыққа бөлейміз, бірақ ығыр қылмаймыз.
— Маскот арқылы брендтің тыныштық, сенімділік және өмір сүретін орынды таңдауда мұқият болу философиясын таратамыз. 

Адал және ашық диалог арқылы жазылушылармен ерекше байланыс орнаттық. Олар Tau House жарияланымдарын «девелопер — үлескер» қарым-қатынасы ретінде емес, жақсы досымен әңгімелесу ретінде қабылдайды.

Жайғасымға талдау жасалатын жарияланым үлгісі

Жайғасымға талдау жасалатын жарияланым үлгісі

Tau House аккаунтындағы жарияланым үлгісі

Tau House аккаунтындағы жарияланым үлгісі

Жайғасымға талдау жасалатын жарияланым үлгісі

Жайғасымға талдау жасалатын жарияланым үлгісі

Керемет контент жасаймыз

Сыры мен сипаты бар есептерді жариялаймыз

Әр девелопердің онсыз болмайтын бірқатар міндетті жарияланымдары болады: бұл тізімге құрылыс динамикасы мен жайғасымдарды талдау кіреді.

Контенттің есте қалуы, ал жобаның бәсекелестер арасында ерекшеленуі үшін біз осындай есептерді дайындаудың классикалық тәсілін негізге алдық және оны өз пайымдауымызбен дәмдедік — креативті және ерекше мәтіндер жаздық.

Жобамен жұмыс істеген 2 жылда құрылыс динамикасы бойынша 103 жазба дайындадық. Бұл белсенді қоғамдастық қалыптастыруға мүмкіндік берді — әр бейсенбі сайын пайдаланушылар жұмыстардың барысы туралы сұрақтар қойып, оларды болашақ көршілерімен талқылау үшін құрылыс динамикасының шығуын күтеді.

Құрылыс динамикасы көрсетілетін жарияланымдарға арналған визуалдар мысалдары

Құрылыс динамикасы көрсетілетін жарияланым мысалы

Құрылыс динамикасы көрсетілетін жарияланымдардың астындағы пікірлер мысалдары

Табыстарымызды бөлісеміз

Бізге көпшілік сенім артатын ірі компания ретіндегі «Садовое кольцо» компаниялар тобы туралы білімді бекіту маңызды. Сондықтан Көк Мысық жобадағы пәтерлердің қалай жылдам сатылып кететіні туралы жиі айтады — жарияланымдар моушн форматында әсерлірек көрінеді. 

Жазылушыларды шынайы адамдармен таныстырдық

Әлеуетті сатып алушыларға Tau House брендінің ашық, адал және адамдарға арналған бренд екенін жеткізу үшін біз сұхбаттары бар жазбалар топтамасын жасадық:

«Tau House-дағы көршілер». Үйлерде тұратын адамдар туралы әңгімелер;

«Tau House адамдары». Осы үйлерді салып жатқан адамдар туралы әңгімелер. 

«Tau House-дағы көршілер» бағытындағы жарияланым үлгісі

«Tau House-дағы көршілер» бағытындағы жарияланым үлгісі

«Tau House адамдары» бағытындағы жарияланым үлгісі

«Tau House адамдары» бағытындағы жарияланым үлгісі

Адам бейнесін қостық

Көк Мысықтың сәттілігінен кейін тағы бір маскотты — оның иесі Тасяны қосу туралы шешім қабылдадық. Ол «сұрақ-жауап» форматындағы контент бағытында «жұмыс істейді».

Маскот Тася қатысқан жарияланым үлгісі

Маскот Тася қатысқан жарияланым үлгісі

Маскот Тася қатысқан жарияланым үлгісі

Үй ұғымын кеңейттік

«Уфаға ғашық боламыз» контент бағытының көмегімен белсенділікті арттырамыз. Бұған қоса, үйдің, отбасының және туған қалаға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын еске саламыз.  

«Уфаға ғашық боламыз» бағытындағы жарияланым үлгісі

«Уфаға ғашық боламыз» бағытындағы Stories үлгісі

«Уфаға ғашық боламыз» бағытындағы жарияланым үлгісі

Конкурстар өткіземіз

Біздің басты мақсатымыз — креативті жарияланымдармен Tau House брендін дамыту және сүйкімді маскоттың көмегімен пәтерлерді сату. Биік мақсаттар жазылушылар бойынша KPI көрсеткішін де қамтиды. Мұнда аудиторияны тарту ғана емес, жобаның стилін дәл беру де маңызды болды.

Әрі қарай идеяны келісіп, конкурсты өткізу тәсілін белгіледік: девелопер жарияланымының астындағы әрбір пікір және Stories-тегі репост панажайдағы мысықтардың «жинақ сандықшасына» 100 грамм азық қосады.

Пікірлердегі белсенділік 15 килограмм азық жинауға көмектесті, оған қоса, девелопер жиналған мөлшерді тағы да ширек бөлікке көбейтті. Нәтижесінде біз мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:

«Уфаға ғашық бол» бағыты аясында жаңа «Динозаврлар саябағына» билеттердің ұтыс ойынын өткіздік. Бұл жүлдеге тоқталу себебіміз — жазылымдар бойынша ең белсенді аудитория 38 жастан асқан әйелдер (55%) болды. Біз олардың көбінде балалары бар деп топшылап, жүлде аудиторияға ұнайды деп шештік.

Пайдаланушылар үшін қарапайым және түсінікті — парақшаға жазылу, репост жасау және пікір қалдыру тәсілін қолдандық. Бұл ақпараттық ортада үлкен жылдамдықпен таралуға қол жеткізу және қоғамдастықта қызығушылықты арттыру мүмкіндігін берді.

Жазба баспана сатып алумен, отбасымен және балалармен байланысты мүдделері жобаға және жүлдеге сәйкес келетін Уфа тұрғындары арасында таратылды.

Стикерлер жинағының суретін салдық

«Әріптестер, бізге шұғыл түрде стикерлер жинағы керек!» — кезекті ой-талқылардың бірінде бюро командасына дәл осы ой келді. Өйткені Көк Мысық шынайы өмірде бар сияқты: Tau House жарияланымдарында ол аяғын маң-маң басып құрылыс алаңында жүреді, жұмысшыларды бақылап, пайдалы лайфхактарымен бөліседі.

Сонымен, Көк Мысық өсіп, интернет жазығында еркін жүріп-тұруға дайын болды деген шешімге келдік. Нобайларын жасап, идеяны клиентпен келістік, содан кейін Telegram-ға арналған стикерлер жинағының суретін салдық.

Таргетті дамытамыз

Таргеттің көмегімен аудиторияның қамтылуын арттырдық, сайтқа жазылушылар мен лидтерді тарттық.

Жарнамалық креативтер аудиторияны сайтқа бағыттады, ол сайтты зерттеп, мақсатты әрекеттерді іске асырды. Дайындалған аудиториямен жұмыс жасағанда лид-нысаны бар креативті қолдандық. Ол аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген өтінімдерді жинауға көмектесті. Пайдаланушы өтінім қалдырғаннан кейін CallKeeper жүйесі оны автоматты түрде сату офисіне жіберіп, оған бір минуттан кейін менеджер қоңырау шалды.

Нәтижелер

Кешенді тәсіл, мамандардың қолындағы стереоконтент және бүкіл команданың жобаға атсалысуы мықты нәтиже берді. Жұмыс істеген екі жылда (2020 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қыркүйек) біз:

— ай сайын 640 000 пайдаланушыны қамтимыз.
— түрлі форматтағы контенттің көмегімен жобадағы басты бірегей сауда ұсыныстарын ашып көрсеттік.
— 20-дан астам пәтерді саттық.
— Tau House брендін бәсекелестер арасында ерекше етіп көрсеттік.
— «Садовое кольцо» компаниялар тобын сенім артуға болатын девелопер ретінде көрсеттік. 

5 927
жаңа жазылушы
1 500
контентке ай сайын болатын реакциялар саны
785
пәтерлерге берілетін өтінімдер саны

Жоба ұнады ма? Келіңіз, сізге де керемет нәрсе жасайық!

Жасайық!

Спасибо! Ваша заявка принята.

Мы свяжемся с вами в течение рабочего дня. Или приезжайте к нам, попьём кофейку.

Жобаңызды қалай жүзеге асыру керектігін білгіңіз келе ме?

Оны жай ғана сипаттап беріңіз, біз сізге 30-60 минут ішінде хабарласамыз.

Қызмет

Бюджет

Жоба туралы айтып беріңіз

Жүктеп салу файлының өлшемі: 5 Мб аспайды

Сізге қалай хабарласуға болады

Түймені басу арқылы сіз дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз және құпиялылық саясатымен келісесіз. .